Коммерциялық банктердің комиссия ұстауына заңмен тыйым салынады

681

Коммерциялық банктердің комиссия ұстауына заңмен тыйым салынады

Әділет министрлігі коммерциялық банктердің комиссия ұстауына заңмен тыйым салмақ, деп хабарлайды КТК.

Көп жылдар бойы клиенттерден жасырын пайда тауып келген банктер тығырыққа тірелді. Үкімет екінші деңгейлі қаржы ұйымдарының жөнсіз комиссия ұстауына тыйым салмақ. Оның ішінде ипотекалық несие де бар. Шенеуніктер жаңа заң жобасын  әзірлеп, мәжіліске әкелді.

"Бұл заң бойынша, банктер негізсіз алып келген түрлі комиссиялар тоқтатылады. Мәселен, бір қызметке екі рет ақы алған жағдайлар болған. Несие беруге келсек, банктер қаржыны  шотқа аударғаны үшін де  ақша ұстайды. Жаңа құжат асы сынды мәселелерді  бәрін реттеуге бағытталған. Әрине, банк басшылары қарсылық білдірді. Бірақ,  ортақ шешімге келдік", - дейді ҚР әділет министрі Марат Бекетаев.

Яғни, банктер несиені рәсімдегені үшін алатын сансыз комиссия азаяды. Екінші деңгейлі қаржы ұйымдарына тек кәсіпкерлерден ақы алуға рұқсат. Сондай-ақ, жаңа құжатқа сай, кепілге қойылған пәтерді қожайынының өзі  нарықтық бағаға сата алады. Мемлекеттік мұқтаждыққа деп алынатын жеке меншіктегі жерлердің де бағасын нарықпен теңестірмек. Заң жобасын мәжіліс бірінші оқылымда мақұлдады. Енді депутаттар өз ұсыныстарын қосып, екінші оқылымда қарауға тиіс. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу