Коммерциялық құрылыс үшін алынған 100-ден астам жер телімі бос жатыр

1149

Коммерциялық құрылыс үшін алынған 100-ден астам жер телімі бос жатыр

Қостанай облысында коммерциялық құрылыс үшін алынған 100-ден астам жер телімінің пайдаланылмай жатқаны анықталды. Бұл туралы өңірдегі жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасы басшысының орынбасары Ғабдылқадым Мағзұмов айтты, деп хабарлайды КазТаг.
"2016 жылы біз алаңы 178 га болатын 86 жер телімін анықтадық. Оларды тексеріп жатырмыз. Бүгінде 28,8 га алаңдағы 32 жер иесі бұзушылықтарын жойды.  Ал 10,9 га болатын 7 жер телімі қайтарылды", - деді   Ғабдылқадым Мағзұмов сәрсенбіде.
Оның айтуынша, басқа жер телімдері бойынша сот процестері басталды.  
"Сотта 75,9 га жер бойынша 8 арыз жатыр. Мұндай жер телімдерінің көбі Қостанай ауданы Мичуринский ауылдық округінде – бұл Қостанайдан 5 шақырым қашықтықта. Оның үстіне ең үлкен жер телімі шамамен 20 гектар. Ең кішісі – 15 соттық", - деді ол.
Жер иелері бұл телімдерді сақтап қалғысы келеді.  
"Мәселен, 43 га болатын 9 жер телімі бойынша құрылыс мерзімін тағы 1 жылға ұзарттық, себебі иелері құжаттарын дайындап қойған, жұмыс жасауға дайын. Біздің мақсатымыз жер телімін қайтарып алу емес, пайда тигізу. Бізде 2007 жылдан бері қайтарылып алынған жер телімдері аз емес, бірақ одан пайда жоқ", - деді әкімдік өкілі.
Сондай-ақ, 2017 жылы басқарма Қостанайда 15 гектар болатын тағы 20 жер телімін анықтады. Жағдайды түзетуге тағы 1 жыл берілді, оған қоса жер салығын 10 есе өсіру қарастырылған. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу