Коммерциялық мақсаттағы жерлер тек аукцион арқылы сатылады

1286

Коммерциялық мақсаттағы жерлер тек аукцион арқылы сатылады

Оралда коммерциялық мақсаттағы жерлер тек аукцион арқылы сатылады, деп хабарлайды 24.kz.

Мамыр айында кәсіпкерлер өз бизнес жобалары үшін құны 5 миллионнан асатын 8 жер учаскесін сатып алған. Мұндай әдіс аймақта биыл бірінші рет қолға алынып отыр. Жазда өткен алғашқы аукционда 8 жер телімі сатуға шығарылып, бюджетке 5 миллион 200 мың теңге көлемінде пайда түскен. Алдағы айда тағы 5 учаске саудаланбақ. "Мақсат – қазынаны толтыру ғана емес, жер телімдерін беруде барынша ашықтықты қамтамасыз ету", – дейді шаһар басшылығы.

Қалада ауылшаруашылық жерлері де конкурстық негізде жалға беріле бастады. Сондай-ақ қазір облыс орталығындағы бос жатқан жерлердің электронды картасы жасақталды. Ол құжатты арнайы сайт арқылы барша кәсіпкерлер көре алады. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу