Коммерциялық пойыздарда жол жүру құнына сараланған тәсіл енгізіледі

651

"Қазақстан темір жолы" коммерциялық жолаушы пойыздарында үстінгі орындарда билет құнына 20% жеңілдік енгізіледі, деп жазады inbusiness.kz. 

Коммерциялық пойыздарда жол жүру құнына сараланған тәсіл енгізіледі Фото: 365info.kz

"Қазақстан темір жолы" баспасөз қызметінің мәліметінше, пилоттық режимде "Жолаушылар тасымалы" АҚ 1 желтоқсаннан бастап 2023 жылғы 28 ақпанға дейін жөнелтілетін коммерциялық пойыздар вагондарындағы жоғарғы және төменгі орындарға жол жүру құнына сараланған тәсілді енгізеді.

"Жоғарғы және төменгі орындар арасындағы жол ақысының айырмашылығы 20%-ды құрайды. Жоба вагондағы орындарды біркелкі бөлу, сондай-ақ жолаушылардың төменгі орындарға деген сұранысын қанағаттандыру мақсатында жүзеге асырылады", – делінген хабарламада.

Сараланған тәсіл келесі бағыттарда қолданылады:

1. № 111/112 "Алматы-Маңғыстау";

2. № 51/52 "Алматы-Орал";

3. № 105/106  "Алматы-Петропавл";

4. № 71/72 "Астана-Шымкент";

5. № 29/30 "Алматы-Атырау".

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу