Коммерциялық жарнаманың үлесі азаяды

469

Коммерциялық  жарнаманың үлесі азаяды

Парламент мәжілісінің жалпы отырысында депутаттар телеарна мен радиода коммерциялық жарнаманың көлемін азайтуды көздейтін заң жобасын мақұлдады.

"2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап, жарнама көлемін 20%-дан аспайтындай етіп қысқарту ұсынылды. Сондай-ақ міндетті теле және радиоарналарда күніне 10 роликке дейін әлеуметтік жарнаманы өтеусіз орналастыру көзделді", - деп жазылған мәжілістің әлеуметтік-мәдени даму комитетінің аталған заң жобасына қатысты қорытындысында.

Құжатқа әлеуметтік жарнамада балалардың бейнесін пайдалану жөніндегі шектеулерді алып тастауға бағытталған түзетулер де енгізілді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу