Коммерциялық жылжымайтын мүлікті жалдау бағасы өсті

1598

Ал паркингтерді жалға беру 1 пайыз, әкімшілік кеңсеге арналған жайлар  0,2 пайыз арзандады.

Коммерциялық жылжымайтын мүлікті жалдау бағасы өсті

ҰЭМ статистика комитетінің есебінше, өткен жылы жылжымайтын мүлікті жалға беру бағасы өскен. Коммерциялық жылжымайтын мүлікті жалға беру бағасы – 0,2%-ға, өндірістік орын-жайларды жалға беру – 2,2%, тұрмыстық қызмет көрсететін пунктер, сервистерді беру – 0,9%-ға қымбаттаған.

Ал паркингтерді жалға беру 1%-ға, әкімшілік кеңсеге арналған жайлар  0,2%-ға арзандады.

Өткен жылғы желтоқсандағы баға өсімін 2017 жылдың балама кезеңімен салыстырғанда көлік жууда – 4,6%-ға, автомобильдерді жөндеу және техникалық қызмет көрсету бойынша станцияларды жалға беруде – 3%-ға, өнеркәсіптік базаларды – 2,6%-ға өзгерген. Ашық және жабық паркингтерді жалға беру бағасы 1,1%-ға, ал жер асты паркингтерін беру 0,9%-ға төмендеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу