2020 жылдың маусым айында коммерциялық жылжымайтын мүлікті жалға алу бағасы өткен жылғы көрсеткішпен салыстырғанда 2,8%-ға төмендеген. Бұл туралы energyprom.kz мәлім етті.
Мұндай тенденция әсіресе Ақмола (−8,4%), Атырау (−8,2%), Маңғыстау (−6,3%), Ақтөбе (−6,1%), Шығыс-Қазақстан (−5,6%) облыстарында байқалып отыр.
Ал Батыс Қазақстан (+1,1%), Түркістан (+0,8) және Қызылорда (+0,1%) облыстарында, керісінше, жалға алу құны өскен.
Мейрамханалар мен қоғамдық тамақтану орындарын жалға алу бағасы 6,8%-ға түсіп кеткен. Мысалы, маусым айында мейрамханалардың бір шаршы метрі 2432 теңге, дәмханалардыкі 4152 теңге, асханалардыкі 1866 теңге болған.
Сауда орындары үшін бекітілген баға 3,8%-ға, тұрмыстық қызмет көрсету орындарыныкі 3,4%-ға, әкімшілік-кеңселік орындардыкі 2,4%-ға, қоймалардыкі 1%-ға, өндірістік орындардыкі 1%-ға қысқарған.
Табиғат Нұрболат