Коммерциялық жылжымайтын мүлікті жалға алу қымбаттады

525

Бұл туралы Ұлттық статистика бюросы хабарлады.  

Коммерциялық жылжымайтын мүлікті жалға алу қымбаттады Фото: atomiyme.com

Өткен жылдың төртінші тоқсанындағы мәләметтерге сәйкес, коммерциялық жылжымайтын мүлікті жалға алу 2021 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 1,8%-ға қымбаттаған, деп жазады inbusiness.kz.

Ақпаратқа сәйкес, мейрамханалар мен тамақтану орындарын жалға алу бағасы ең жоғары өсім көрсетті.

"Қойма, мейрамханалар мен қоғамдық тамақтану пункттерін жалға алу бағасы 4,1%-ға артты. Автокөлік жуу пункттерін жалға алу – 4,3%-ға, одан кейін тұрмыстық қызмет көрсету, сервис пункттері – 3,8%-ға, валюта айырбастау орындары – 3,4%-ға, сауда үйлеріндегі орындар  – 1,9%-ға, паркингтер – 1,5%-ға, әкімшілік-кеңсе орындары 1,4%-ға қымбаттады", - делінген хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу