Коммерциялық жылжымайтын мүлікті жалға беру бағасы қымбаттады

1702

Биылғы наурызда 2018 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда бағаның ең жоғары өсімі өнеркәсіп базаларын жалға беруде болған.

Коммерциялық жылжымайтын мүлікті жалға беру бағасы қымбаттады

Биылғы бірінші тоқсанда өндірістік жайларды жалға беру бағасы – 0,2 пайыз, ал басқа да коммерциялық жылжымайтын мүлік түрлерінің бағасы 0,1 пайыза өсті. Бұл туралы ҰЭМ статистика комитетінің баспасөз қызметі хабарлады.

Биылғы наурызда 2018 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда бағаның ең жоғары өсімі өнеркәсіп базаларын жалға беруде болды – 2,2%, ал банк филиалдарын және өндірістік цехтарды жалға берудегі өсім 1,1 пайызды көрсетті, фотосалондарды жалға беруде баға 0,6%-ға көтерілген.

Дүңгіршектерді жалға беру бағасы – ­1,8%, фитнес клубтар және жаттығу залдарының бағасы – 0,8%, мейрамханалардың бағасы 0,5%-ға арзандады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу