Коммуналдық қалдықтардың төрттен бірі ғана қайта өңделеді

143

Қазақстанда жылына шамамен 4,5 млн коммуналдық тонна түзіледі. 

Коммуналдық қалдықтардың төрттен бірі ғана қайта өңделеді Фото: inbusiness.kz

2024 жылғы коммуналдық қалдықтарды қайта өңдеу жоспары 30% болғанымен, тек 25,8%-ы ғана қайта өңделген. Бұл туралы Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев Үкімет отырысында айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Министр коммуналдық қалдықтарды басқару мәселесіне жеке тоқталды.

"Жыл сайын елімізде шамамен 4,5 млн тонна түзіледі, 2024 жылғы қайта өңдеу жоспары 30% болса, нақты өңделгені – 25,8%. Еліміздің 20 өңірінен жоспарлы көрсеткішке 7 өңір қол жеткізбеді. Олардың ішінен Ұлытау, Маңғыстау облыстары және Алматы қаласын ерекше атап өтемін", - деді Ерлан Нысанбаев.

Оның айтуынша, еліміздің 211 ауданы мен қаласының 155-інде тарифтер қайта қаралды. 

Тарифтері қайта қаралмаған аудан мен қалалардың басым бөлігі Павлодар, Шығыс Қазақстан және Алматы  облыстарында орналасқан.

"Қолданыстағы тарифтер тиісті қызмет көрсету шығындарын өтемейді. Мысалы, Атырау қаласында әкімдік есептеген тариф мөлшері 527 теңге болса, мәслихат халық мүддесін ескере отырып, бекіткені 379 теңге. Бұл мәселені мемлекеттік-жекешелік әріптестік арқылы шешу жоспарланып отыр. Онда тұрмыстық қалдықтар үшін шекті, яғни экономикалық тартымды тарифті бекіту көзделуде. Жеке серіктес қазіргі және шекті тарифтің айырмасын утильтөлем есебінен алатын болады. 

Тиімділікті арттыру мақсатында біз шекті тарифтерді бекітуді әкімдіктер құзыретіне береміз. Заңнамаға тиісті түзетулер Мәжілістің қаралуында. Бұған қоса, министрлік мәселені жүйелі шешу мақсатында тұрмыстық қалдықтар тарифін 3 жылда кемінде бір рет қайта қарау кезеңділігі бойынша Кодекске түзетулерді әзірледі", - деді Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу