Коммуналдық қарызы барлар қажылыққа жіберілмейді

971

Коммуналдық қарызы барлар қажылыққа жіберілмейді

Өзбекстанда коммуналдық қарызы барлар қасиетті сапарға аттана алмайтын болды. Бұл жайында Ташкент шаһарының бас имам-хатыбы Әнуар Тұрсынов мәлім етті, деп хабарлайды islam.kz.

Оның айтуынша, қарызы барлар қажылылққа бара алмайды, өйткені, қарызды қайтармау дінімізде күнәлардың бірі болып табылады.

"Мұндай адамның қажылығы қабылданбайды",- деп кесіп айтты ол. "Біз ондай адамдарды ұшақты маңына да жолатпауымыз керек. Біз судың әр тамшысы үшін Алла алдында жауап береміз. Мұны әрбір мұсылман түсінуі тиіс",- деген ол мұсылмандарды судың, газдың және электр энергиясы бойынша жинақталып қалған қарызды төлеуге шақырды.

Айта кетейік, аталған елде жеке және заңды тұлғалардың газ мен электр энергиясын тұтынғаны үшін жинақталған қаржының мөлшері жаға ұстатады: 1,25 млрд долларға жеткен.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу