Жауын-шашынның көп түсуіне байланысты қаланың коммуналдық қызметтері тәулік бойы күшейтілген режимге көшті, деп хабарлайды inbusiness.kz Астана әкімдігіне сілтеме жасап.
Бүгінгі таңда елорда бойынша қар тазалау жұмыстарына 2,3 мыңнан астам жол жұмысшысы мен мыңнан астам арнайы техника жұмылдырылды.
Ең алдымен, ережелерге сәйкес, жолдарда кептеліс болмас үшін өте қарқынды қозғалыс аймақтары тазартылады. Сондай-ақ орташа қарқындылығы бар учаске-алаңдар, вокзал маңы аумақтары, тротуарлар, әлеуметтік нысандарға кірме жолдар және т.б. қардан тазартылады.
Айта кету керек, 3 қаңтарда түнгі уақытта қар полигондарына 36 мың текше метрден астам қар шығарылды.
Қыс мезгілінің басынан бастап коммуналдық қызметтер қаладан 100 мыңнан астам жүк көлігіне тең, ал бұл миллион текше метрден астам қарды алып шықты. Қаланың коммуналдық қызметтері кешкі және түнгі уақыттарда күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр.