Коммуналдық қызмет: Тұтынушылар құқығының бұзылуы туралы қанша өтініш түсті?

616

ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу комитеті қызметінің нәтижесінде 2 млн-нан астам тұтынушының құқығы мен мүддесі қорғалды.

Коммуналдық қызмет: Тұтынушылар құқығының бұзылуы туралы қанша өтініш түсті? Фото: kapital.kz

2022 жылдың қаңтар-қазан аралығында Табиғи монополияларды реттеу комитетіне 4873 өтініш келіп түсті. Бұл былтырғыға қарағанда 36,2%-ға артық. Оның ішінде 2247 өтініш, 687 шағым, 55 ұсыныс, 1884 өзге де өтініш қабылданған болатын, деп жазады inbusiness.kz energyprom.kz сайтына сілтеме жасап.

Азаматтардың 3129 өтініші қаралды. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 19,1%-ға көп. 1568 өтініш тиісті ведомстволарға жіберілді.

Оның нәтижесі бойынша 1365 өтінішке жауап берілді. Сонымен қатар мыңнан астам қолайлы әкімшілік акт, 244 міндеттейтін әкімшілік акт қабылданды және 8 әкімшілік шара қолданылды.

Табиғи монополияларды реттеу комитетінің құзырына жататын мәселелер қатарына жылу, су, газбен жабдықтау, жарықтандыру, кәріз, лифт шаруашылығы, абаттандыру, көгалдандыру, телефондандыру, радиофикация және т. б. салалары жатады.

Осы жылдың 10 айының қорытындысына сәйкес, қазақстандықтардың өтініштерінің 17,6%-ы газбен жабдықтау, 16,5%-ы жылумен жабдықтау, 12,5%-ы жарықтандыру, 12%-ы сумен жабдықтау, 30,4%-ы тұрғын үй шаруашылық мәселелерімен байланысты болды.

 

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу