Коммуналдық қызмет үшін 15 мың теңге алатындар белгілі болды

8515

Мемлекет коммуналдық төлемдерді сәуір-мамыр айларына төлейді. 

Коммуналдық қызмет үшін 15 мың теңге алатындар белгілі болды

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі карантин және төтенше жағдай кезеңінде коммуналдық төлемдерді өтеуді көздейтін тетік әзірледі. Сәуір-мамыр айларында карантиндік аймақтарда тұратын халықтың әлеуметтік әлсіз топтарына коммуналдық қызмет үшін 15 мың теңге төленеді.

Бұл қаражат төмендегі санатқа жататын азаматтардың абоненттік шотына аударылады:
• I, II, III топтағы мүгедектер;
• мүмкіндігі шектеулі балаларды тәрбиелеп отырған отбасылар;
• көп балалы отбасылар;
• Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушылары және оларға теңестірілген адамдар;
• мемлекеттік немесе қоғамдық міндеттерді орындау кезінде, әскери қызметте, ғарышқа ұшуға дайындық кезінде немесе оны орындау кезінде, адам өмірін сақтауда, заңдылық пен тәртіпті қорғауда қайтыс болған адамдардың отбасылары;
• ең төменгі зейнетақы алатын зейнеткерлер;
• атаулы әлеуметтік көмек алатын азаматтар, оның ішінде жалғызбасты зейнеткерлер.

Мемлекет коммуналдық төлемдерді биылғы жылдың сәуір-мамыр айларына төлейді. Өтінімдер бүкіл карантин кезеңінде және мамыр айында қабылданады. Азаматтар әкімдікке ЖСН, әлеуметтік мәртебесі және жеке шоты жайлы ақпарат беруі керек. Өтінімдерді қабылдау әкімдіктер арнайы жүйелерді әзірлеуін аяқтаған сәттен басталады.

Айта кетсек,  Ұлттық экономика министрлігі статистика комитетінің ресми мәліметіне сәйкес, тұрғын үй қызметтері, су, электр энергиясы, газ және басқа да отындарға тарифтер биылғы жылдың наурызында 0,2%-ға, ал бір жылда 2,8%-ға көтерілген.

Еліміздің қалаларында орталықтан жылыту үшін тарифтер 2020 жылдың наурыз айының соңында 1 Гкал үшін 3,5 мың теңгені құрады, бір жылдағы өсім - 2,1%.

Нұржан Көшкін
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу