Коммуналдық қызметтер Алматыда қар жинауды жалғастыруда

349

20 желтоқсан күні сағат 14:00-ден 19:00-ге дейін Алматы қаласында қар жауды. 4 мм жауын-шашын түсті.  

Коммуналдық қызметтер Алматыда қар жинауды жалғастыруда Фото: Almaty Joly

Қала бойынша ыңғайлы қозғалысты қамтамасыз ету үшін қаланың коммуналдық қызметтері күшейтілген режимге ауыстырылды.

Аудан әкімдіктерінде қар тазалау жұмыстарының барысын бақылау жүзеге асырылуда. 

Негізгі көшелерді сұйық көктайғаққа қарсы реагентпен өңдеу жүргізілді.

Қар жауған кезеңде қаланың жоғарғы бөлігінде, көлік жолайрықтарда, съездерде 118 құм таратқыш арқылы көктайғаққа қарсы материалдар себілді. 624 тонна КҚМ пайдаланылды.130 бірлік шағын көлемді арнайы техниканың көмегімен тротуарларды тазалау жұмыстары жүргізілді.

Түнгі кезеңде көктайғақтың алдын алу мақсатында 437 бірлік, оның ішінде тротуарларды тазартуға 160 бірлік және 312 жол жұмысшысы жұмылдырылды. 4680 м3 қар шығарылды.

21 желтоқсан күні сағат 08:00-ден бастап қар тазалауға 341 бірлік техника, 1038 жол жұмысшысы жұмылдырылды.

Көше-жол желісінің жұмыс кестесі тәулік бойы, күндізгі ауысым таңғы 08.00 - ден 18.00-ге дейін, түнгі ауысым таңғы 18.00-ден 08.00-ге дейін.

"Қазгидромет" РМК болжамы бойынша ауа температурасы 21 желтоқсан күні түстен кейін 0...+2 градус, жауын-шашынсыз.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу