Коммуналдық қызметтер бір жылда 4%-ға қымбаттады

844

Елімізде қоқыс шығару қызметінің тарифі айтарлықтай өскен.

Коммуналдық қызметтер бір жылда 4%-ға қымбаттады

Қазақстанда коммуналдық қызметтер бір жылда 4%-ға қымбаттады, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі finprom.kz-ке сілтеме жасап.

2021 жылдың қаңтарына тұрғын үй қызметтеріне, суға, электр энергиясына, газға және отынның басқа да түріне тарифтер 3,8%-ға (өткен жылдың қаңтарымен салыстырғанда), ал бір айда 0,6%-ға қымбаттаған.

Сонымен қатар бір жылда қоқыс шығару қызметі бірден 19,1%-ға, тұрғын үйге қызмет көрсету және жөндеу қызметтері 6,3%-ға, электр энергиясы 5,2%-ға қымбаттады.

Су тарту және орталықтан жылыту қызметтері 1%-ға және 2%-ға арзандады.

2021 жылдың қаңтарында Қазақстан қалаларындағы қоқыс шығарудың орташа тарифі бір адамға 264 теңге болды. 2020 жылы бұл қызмет 173,3 теңге еді (жылдық өсім 1,5 есе).

Ыстық су тарифі бір жылда 15,5%-ға (1 текше метрі үшін 267,6 теңге), суық су 3%-ға (70,4 теңге) өсті.

Су тарту қызметтері бір жылда 5,6%-ға (1текше метрі үшін 50,2 теңге) қымбаттады.

Табиғи газ (тарату желілері арқылы тасымалданатын) 33,5%-ға, текше метр үшін 25 теңгеге дейін, сұйытылған газ 5,3%-ға, 1 келісі үшін 160,3 теңгеге дейін қымбаттады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу