Коммуналдық қызметтер күшейтілген жұмыс режиміне ауысты

891

Синоптиктердің айтуынша, алдағы үш тәулікте астанада жауын-шашынды күндер мен көктайғақ сақталады.

Коммуналдық қызметтер күшейтілген жұмыс режиміне ауысты Фото: astana.gov.kz

Қала көшелерінде 100-ден астам арнайы техникалар жұмылдырылды, деп хабарлайды астана әкімдігінің ресми сайты "Астана-Тазалық" ЖШС сілтеме жасап.

Қар жауып, көктайғақ болуына байланысты қалалық қызметтер күшейтілген жұмыс режиміне ауысты. Көшені тазалауға және қолайсыз ауа райының салдарын жоюға 100-ден астам арнайы техника шығарылды.

Соның ішінде, "Алматы" ауданы бойынша – 20, "Байқоңыр" ауданы бойынша – 7 бірлік, "Есіл" ауданы бойынша – 32 бірлік, "Сарыарқа" ауданы бойынша – 32. Олар сыпырып-жинайтын машиналар, тротуарларды тазалайтын техника, құм себетін, шнекоротор, автогрейдерлер мен қар тасымалдайтын техника, фронтальді жүк тиегіш, жүктерді өзі түсіретін көліктер. Бұдан басқа, қарды қолмен тазалауға 213 жол жұмысшысы тартылды.

Айта кетейік, синоптиктердің айтуынша, алдағы үш тәулікте астанада жауын-шашынды күндер мен көктайғақ сақталады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу