Коммуналдық қызметтер тарифі 20-30 пайызға көтеріледі

228

Бұл туралы Үкімет үйінде өткен баспасөз мәслихатында Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу комитетінің төрағасы Тимур Қосымбаев айтты.  

Коммуналдық қызметтер тарифі 20-30 пайызға көтеріледі Фото: aikyn.kz

Келесі жылы коммуналдық қызметтер тарифі 20-30 пайызға көтеріледі, деп жазады inbusiness.kz сайты.

– Тарифтердің өзгеруіне келер болсақ, бұл ретте ұлттық жобада (Энергетика және коммуналдық секторларды жаңғырту ұлттық жобасы) субсидиялау тетігі қарастырылған. Яғни, заем қаражаты тариф, негізгі қарыз және сыйақы бойынша пайыздық мөлшерлеме ішінде болады. Бірақ, тарифке қысымды төмендету үшін республикалық бюджет субсидиясы сыйақы үстемесінің бір бөлігін жабады. Яғни, сыйақының 10 пайызы тарифке қосылады, ал одан артығы мемлекет тарапынан субсидияланады. Осылайша, біз тарифтің күрт артуына жол бермейміз. Жалпы, келесі жылға жоспар – бұл тарифтердің 20-30 пайыз шегінде өсуі, – деді комитет басшысы.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу