Коммуналдық қызметтер тарифі өседі – Ұлттық экономика вице-министрі

616

Жылдың екінші жартысында коммуналдық қызметтер тарифі өседі. Бұл туралы Ұлттық экономика вице-министрі Тимур Жақсылықов хабарлады, деп жазады inbusiness.kz тілшісі.

Коммуналдық қызметтер тарифі өседі – Ұлттық экономика вице-министрі

"Коммуналдық қызметтер тарифін көтеруге 180 күнге мораторий енгізілді. (...) Бүгінгі таңда мораторий аяқталды. Екінші жартыжылдықта инфляция дәлізі шегінде тарифтер өзгереді деп болжаймыз", – деді Жақсылықов жұма күні Үкімет отырысында.

Оның айтуынша, тарифтердің күрт өсуіне жол бермеу үшін "қаражаттың мақсатты пайдаланылуын бақылау", "тұрғын үй көмегі тетіктерін жетілдіру", "өңірдің ағымдағы әлеуметтік-экономикалық жағдайын ескере отырып, әр аймаққа жеке көзқараспен қарау" секілді шаралар жүзеге асырылады.

Айта кетейік, кеше кеңейтілген үкімет отырысында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев инфляцияны икемдеп, қымбатшылықтың алдын ала алмаған Үкіметті "тиімсіз жұмыс" істейді деп сынаған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу