Коммуналдық тарифтерді өз бетінше белгілеп, ақша ұрлаған

331

Прокурорлар уәкілетті органдардың үш жылдан астам уақыт бойы мәслихатқа оларды бекіту үшін тарифтер ұсынбағанын анықтады. 

Коммуналдық тарифтерді өз бетінше белгілеп, ақша ұрлаған Фото: Inbusiness.kz

Жетісу облысы Табиғатты қорғау прокуратурасының шараларымен облыстың 5 ауданында (Панфилов, Қаратал, Ақсу, Сарқан аудандары және Текелі қаласы) коммуналдық қалдықтарды шығарудың тарифтері төмендетілді, деп жазады inbusiness.kz сайты Бас прокуратураға сілтеме жасап.

Қызмет көрсететін компаниялар тарифты өз бетінше белгілеп, оның сомасын 1 м3 1500 теңгеден 5000 теңгеге дейін қойған.

Қадағалау актісі бойынша аталған аудандардың тұрғындары үшін жаңа тарифтер бекітілді, бұл қызмет ақысын 2 есеге, ал кейбір жағдайларда 10 есеге төмендетуге мүмкіндік берді.

Бұл 100 мыңнан астам тұтынушының, оның ішінде 6 мың заңды тұлғаның мүддесі қорғалғанын көрсетеді.

Бұл бағыттағы жұмыстар облыстың басқа да аудандарында (Алакөл, Кербұлақ және Сарқан аудандары) жалғасын табуда.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу