Коммуналдық тарифті өсірген монополисттерге 1600 АЕК айыппұл салынады

1885

Павлодарда ірі кәсіпорындардың ұсыныстары кері қайтарылды.  

Коммуналдық тарифті өсірген монополисттерге 1600 АЕК айыппұл салынады

Қолданыстағы заңнамаларға сәйкес, электр және жылу энергиясы, сумен қамтамасыз етіп, су бөлумен айналысатын компаниялар әр бес жыл сайын тарифті өсіруге құқылы. Алайда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тарифтерді көтеруге 180 күндік мораторий жариялауына байланысты бұл іс кейінге шегерілді, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.

Павлодар облыстық табиғи монополияларды реттеу департаментінің басшысы Ибрагим Тангиев жергілікті монополисттермен тиісті келісімшарт жасалғанын атап өтті.

"Биылға белгіленген жоспар бойынша, Павлодар қаласында сумен қамту тарифі 14 пайызға, электр энергиясы бағасы 3,8 пайызға, Екібастұзда жылу 7 пайызға, электр энергиясы 7,8 пайызға, су 8 пайызға және кәріз жұйесі қызметі 13 пайызға, Ақсу қаласында жылу тарифі 13,4 пайызға өсуі тиіс еді. Бірақ мораторий аясында бұл өзгерістер болмайды. Тұтынушылар үшін былтырғы баға сақталады", - деді Ибрагим Тангиев.

Бағаға қатысты апта сайын мониторинг жұмыстары жүргізіледі. Егер соның барысында қандай да бір монолист компанияның қызмет құнын өсіргені анықталса немесе тұтынушылардан бұған қатысты шағым түссе, тексерістер қолға алынады. Соның аясында тарифті көтерген кәсіпорындардың монополисттік табысының барлығы тұтынушылардың пайдасына есептеледі. Сонымен қатар, 1600 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салынады.

Әзірше бір апта аралығында келісімшартты бұзған монополист болған жоқ.

Ажар Дәулетова

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу