Коммуналдық-тұрмыстық көмір бағасын төмендетуге байланысты меморандум әзірленді

1454

Коммуналдық-тұрмыстық көмір бағасын төмендетуге байланысты меморандум әзірленді

Үкіметтің тапсырмасына орай, коммуналдық-тұрмыстық көмір тарифтері мен бағаларын төмендету мәселесі бойынша ҚР инвестициялар және даму министрлігі, Тау-кен өндіру және тау-кен металлургия кәсіпорындары қауымдастығы жергілікті атқарушы органдармен және қоймалардағы коммуналдық-тұрмыстық көмірді сатушылар арасында меморандум жобасын әзірледі, деп хабарлайды ИДМ баспасөз қызметі.

Қазіргі уақытта Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Ақмола, Қостанай және Алматы облыстарының әкімдіктері өңірлерде орналасқан қойма иелерімен меморандумдар жасасты. Қалған өңірлер де осындай меморандумға қол қою жұмыстарын жүргізуде.

"100 теміржол көмір қоймасының иелерімен меморандумға қол қою жоспарлануда. "Шұбаркөл" разрезіндегі көмірдің бағасы орташа есеппен 15-20%-ға төмендейді. (Коммуналдық-тұрмыстық қажеттілікке және халлықа жөнелтілген жалпы көлемнен Шұбаркөл көмірінің үлесі 40%). Шұбаркөл көмірі Шығыс Қазақстан облысынан басқа еліміздің барлық өңіріне тасымалданады. "Қаражыра" разрезіндегі қоймаларда көмірдің бағасы 800 теңгеге (6%) төмендейді (Коммуналдық-тұрмыстық қажеттілікке және халлықа жөнелтілген жалпы көлемнен Қаражыра көмірінің үлесі 30%) Қаражыра көмірі Қарағанды облысынан басқа еліміздің барлық өңіріне тасымалданады (Коммуналдық-тұрмыстық қажеттілікке және халлықа жөнелтілген жалпы көлемнен Майкөбе көмірінің үлесі 20%). Майкөбе көмірі орталық Қазақстан мен Солтүстік Қазақстан облыстарына тасымалданады", - деп атап өтті ҚР инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек үкімет отырысында жасаған баядамасында.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу