Компаниялар арасындағы халықаралық дауларды шешуге мүмкіндік беретін заң қабылданды

765

Сенат депутаттары әр мемлекеттегі екі және одан да көп компаниялар арасындағы халықаралық коммерциялық дауларды шешуге қолданылатын конвенцияны қабылдады. 

Компаниялар арасындағы халықаралық дауларды шешуге мүмкіндік беретін заң қабылданды

Әділет министрі Қанат Мусиннің айтуына қарағанда, конвенция соттан тыс медиацияны жетілдіреді. 

"Бүгінгі таңда медиацияға деген сұраныс неғұрлым артуда. Медиацияның көмегімен екі тараптың мүдделерін қанағаттандыра отырып, дауды шешуге болатындығы азаматтарды қызықтырады", – дейді министр. 

Заң "Біріккен Ұлттар Ұйымының медиация нәтижесінде қол жеткізілген халықаралық татуласу келісімдері туралы конвенциясын ратификациялау туралы" деп аталады.

"Ол халықаралық саудаға жәрдемдесудің маңызды құралы болып саналады және коммерциялық тараптардың халықаралық келісімдерін жүзеге асыруға ықпал етеді. Қазақстанның Конвенцияның қатысушы ретіндегі мәртебесі елдің халықаралық бизнес-беделіне және инвестициялық тартымдылығына оң әсер етеді", – деді министр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу