Компанияларды рейдерлікпен басып алу дерегі бойынша тағы 3 күдікті анықталды

683

Осыған дейін анықталған ұйымдасқан қылмыстық топтың 3 мүшесіне сияқты оларға да іздеу жарияланды, деп жазады inbusiness.kz.   

Компанияларды рейдерлікпен басып алу дерегі бойынша тағы 3 күдікті анықталды  Фото: ҚМА баспасөз қызметі

Еске салайық, Қаржылық мониторинг агенттігі ұзақ уақыт бойы рейдерлікпен айналысқан адамдар тобының жолын кескен болатын. Сотқа дейінгі тергеу аясында 5 қатысушы қамауға алынды.

Ұйымдастырушы Елдос Қоспаев пен оның сенімді адамдары Ерлан Имашев, Руслан Шалинге іздеу жарияланды. Сот оларға қатысты сырттай қамауда алу түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялады.

Бұдан бөлек қылмыстың басқа да қатысушылары – Айдос Қоспаев, Оксана Кудряшева мен Алексей Кузнецов та анықталып отыр. Оларға іздеу жарияланды.

Айта кету керек, Қаржылық мониторинг агенттігі компанияларды рейдерлік жолмен басып алу дерегі бойынша тергеу жүргізіп жатыр. Зардап шегушілерге келтірілген шығын көлемі 18 млрд теңгеден асады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу