Композитор Арман Дүйсенов өмірден өтті

1175

Бұл туралы отандық шоу-бизнес өкілдері хабарлады.  

Композитор Арман Дүйсенов өмірден өтті Фото: azattyq-ruhy.kz

Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, композитор, продюсер әрі тележүргізуші Арман Дүйсенов дүние салды, деп хабарлайды inbusiness.kz Azattyq Ruhy агенттігіне сілтеме жасап. 

Композитордың мезгілсіз қазасы туралы оның әріптестері, әншілер мен әртістер әлеуметтік желіде жазып жатыр. Алдын-ала мәлімет бойынша, Дүйсенов сырқаттан көз жұмған.

Айта кетейік, Арман Дүйсенов 1974 жылы 4 мамырда музыканттар отбасында дүниеге келген. Әкесі мен анасы да өз кезінде Орал өңіріне танымал музыканттар болған жандар.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу