Тұңғыш рет қазақстандық композитордың операсы Ұлыбританияның төрт қаласында орындалады

322

Бұл туралы ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің баспасөз қызметі мәлім етті, деп жазады inbusiness.kz сайты. 

Тұңғыш рет қазақстандық композитордың операсы Ұлыбританияның төрт қаласында орындалады Фото: Арман Мухатов

Композитор Рахат-Би Әбдісағиннің "The bruce" операсының әлемдік премьерасы Ұлыбританияда өтеді.

"2024 жылдың 17 ақпанында Глазго соборында "Болашақ" бағдарламасының докторанты, композитор-пианист Рахат-Би Әбдісагиннің "Брюс" операсының әлемдік премьерасы өтеді. Операда Шотландия королі Роберт I Брюс туралы баяндалады. Опера өткен мен болашақ арасындағы музыкалық көпір және шотландиялық ұлы монархтардың бірі, тәуелсіздік үшін күрескер тұлғасын сипаттап тұрғандай" — делінген хабарламада.

Либретто Джон Барбурдың 1375 жылы жазылған ортағасырлық "Брюс" поэмасына негізделген және Рахат-Бидің Шотландия Корольдік консерваториясы мен Сент-Эндрюс университетіндегі докторлық зерттеулерінің негізгі бөлігін құрайды.

Шығарма соборлық опера, собордың акустикалық залында орындауға арналған жаңа жанр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу