Компьютерлік бағдарламалау, консультациялық басқа да ілеспе қызметтер көлемі 140 миллиард теңгеге жақындады

639

Сектордағы көрсетілетін қызметтер көлемі осымен қатарынан тоғыз жыл өсіп келеді, деп жазады inbusiness.kz Ranking.kz сайтына сілтеме жасап.

Компьютерлік бағдарламалау, консультациялық басқа да ілеспе қызметтер көлемі 140 миллиард теңгеге жақындады

Экономиканың қадағаланбайтын секторын есепке алмағанда, компьютерлік бағдарламалау бойынша, сондай-ақ консультациялық және басқа да ілеспе қызметтер бойынша қызметтер көлемі биылғы жылдың бірінші тоқсанында рекордтық 139,6 млрд теңгені құрады, бұл өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 42,2%-ға артық. 

Қызметтер көлемінің жартысынан көбі Алматы қаласына ғана тиесілі – 75,8 млрд тг, бұл 2021 жылғы бірінші тоқсанмен салыстырғанда 2,3 есе артық. Одан кейінгі орында астана тұр, мегаполистегі қызмет көлемі –  51,5 млрд теңге. Көрсеткіш былтырғыдан төмен, 7,9%-ға аз. Компьютерлік бағдарламалау, сондай-ақ консультациялық және басқа да ілеспе қызметтер бойынша көрсетілетін қызметтердің едәуір көлемі Қарағанды (2,7 млрд тг) және Атырау (1,8 млрд тг) облыстарына тиесілі болды.

Сектордағы қызметтердің ішінде көлемі ең жоғары болған бағдарламалық қамтамасыз етуді әзірлеу – 58,5 млрд теңгеге жеткен, бір жыл ішіндегі өсім 12,6%. Тағы 8,2 млрд теңгені бағдарламалық қамтамасыз етуді сүйемелдеу бойынша қызметтер құрады. Бұдан кейінгі орында мемлекеттік электрондық ақпараттық ресурстар мен жүйелерді қалыптастыру мен дамыту шеңберіндегі ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымды басқару жөніндегі қызмет тұр – 11,6 млрд тг, 2021 жылғы бірінші тоқсанға қарағанда 11,3%-ға артық.

Аталған қызметтердің ақшалай көлемі ауылдық жерлерде биылғы жылдың бірінші тоқсанында 235 млн теңге ғана болды, бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 2 есе аз. Ауылдағы қызметтер үлесі бір жылда 0,5%-дан 0,2%-ға дейін қысқарған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу