Компьютерлік техника өндірісі өсім көрсетті

875

Енді Қазақстанда жасалған ноутбуктар мен планшеттерді сатып алуға болады.

Компьютерлік техника өндірісі өсім көрсетті

2020 жылы елімізде цифрлық есептеу машиналарын шығару 6 есе өсті, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі energyprom.kz-ке сілтеме жасап.

2021 жылдың бірінші айында Қазақстанда 538 бірлік сандық есептеу техникасы өндірілді. Бұл өткен жылдың осы айымен салыстырғанда 30,6%-ға артық.

2020 жылдың қаңтарында техника өндірісінің жылдық төмендеуі 64,8% болды.

2020 жылы 59,3 мың есептеу машинасы өндірілді. Бұл 2019 жылмен салыстырғанда 6 есе артық.

Өткен жылы цифрлық есептеу техникасы өндірісі толығымен Алматыда шоғырланды: мұнда 58,1 мың құрылғы шығарылды, 2019 жылмен салыстырғанда 6,8 есе көп.

Қарағанды облысында 1,1 мыңға жуық техника (-15,5%), Нұр-Сұлтанда – 124 техника, Жамбыл облысында – 24 техника (+20%) өндірілді.

Айта кетейік, Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің мәліметінше, алғашқы отандық ноутбук пен планшет Петропавлдағы 
Kazakhstan Engineering еншілес ұйымы С.М. Киров атындағы зауытта ZIKComputers маркасымен шығарылды. 

Қазақстандықтарға ZIK компьютерінің 7 позициясы ұсынылып отыр.

ZIKcomputers желісінің өндірістік қуаты – жылына 100 мың бірлік компьютерлік техника. Оны жинауға қажет компоненттерді Great Wall компаниясы жеткізеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу