Қонаев гарнизонында роталық тактикалық оқу-жаттығу өтті

106

Әскери қызметшілер шартты қарсыласқа атыс соққысын ұйымдастырып, әр түрлі штаттық қару-жарақтан оқ ату жаттығуларын пысықтады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Қонаев гарнизонында роталық тактикалық оқу-жаттығу өтті Фото: Қорғаныс министрлігі

"Шошқалы" полигонында 32363 әскери бөлімінің жеке құрамы оқу-жауынгерлік тапсырмалар кешенін орындады.

– Роталық тактикалық оқу-жаттығу – жауынгерлік даярлықтың маңызды кезеңі. Жеке құрам тапсырмаларды ұрыс қимылына барынша жақын жағдайда орындады. Бізге бөлімшенің үйлесімді іс-әрекеті және бұйрықтардың нақты орындалуы маңызды болды, – деді 32363 әскери бөлімінің рота командирі гвардия капитаны Ақниет Шышнаби.

Жалпы оқу-жаттығу бөлімшелердің жауынгерлік әзірлігін арттыруға, командирлердің бөлімшелерді басқару дағдыларын жетілдіруге, жеке құрамның кәсіби шеберлігі мен далалық машығын дамытуға бағытталды.

Оқу-жаттығу қорытындысына келсек, бөлімшелердің оқу-жауынгерлік тапсырмаларды орындау кезіндегі әрекетіне, олардың үйлесімді іс-қимыл деңгейі мен міндеттерді мақсатқа сай орындауға дайындығына нақты баға берілді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу