Қонаев қаласын "ақылды" қала ретінде дамыту қажет – Тоқаев

952

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы облысына жұмыс сапары барысында Қонаев қаласын өмір сүруге қолайлы "ақылды" қала ретінде дамыту қажеттігін атап өтті, деп жазады inbusiness.kz. 

Қонаев қаласын "ақылды" қала ретінде дамыту қажет – Тоқаев Фото: bestnews.kz

"Біз бірлесе отырып, Қонаев қаласын маңызды әрі тартымды облыс орталығына айналдырамыз. Үкіметке осы мәселелерді шешуде әкімдікке қолдау көрсетуді тапсырамын. Облыс орталығын Қонаевқа көшіру жұмыс орындарын ашу, тұрғын үй қорын ұлғайту, инфрақұрылымды дамыту, көшелерді абаттандыру жоспарын жүзеге асыруға мүмкіндік береді", – деді Президент.

Оның айтуынша, өңірде әкімшілік ғимараттар, тұрғын үйлер, ауруханалар, мектептер, балабақшалар, мәдениет және спорт нысандары жаппай салынып, санаториялық және курорттық аймақтар пайда болады.

"Облыс орталығын экологиясы таза, өмір сүруге қолайлы "ақылды" қала ретінде дамыту қажет. Жаңа облыс орталығына жаңа бас жоспар керек. Бұр ретте қаланың жаңа мәртебесін ескеру маңызды", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

 

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу