Қонаев қаласында Африкадан келген заңсыз мигранттар еңбек еткен

590

9 Нигерия және 2 Камерун елдерінің азаматы анықталды.

Қонаев қаласында Африкадан келген заңсыз мигранттар еңбек еткен Фото: google.com

21 маусымда Қонаев қаласында орналасқан мектептердің бірінде "Мигрант" жедел алдын алу шарасын өткізу барысында  ғимаратты жөндеу бойынша заңсыз еңбек қызметін жүзеге асырған 9 Нигерия және 2 Камерун елдерінің азаматы анықталды, деп хабарлайды inbusiness.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

"Елде болудың заңдылығын тексеру кезінде Африка елдерінен келген аталған шетелдіктердің Қазақстан Республикасының көші-қоны саласындағы заңнамасын бұза отырып, яғни болу құқығының мерзімі өткеніне (виза ) қарамастан Қазақстан Республикасының аумағында болғаны анықталды. Жұмыс берушілерді анықтау және жауапкершілікке тарту жұмыстары жүргізілуде", делінген ІІМ хабарламасында.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу