Қонаев қаласында акцизделмеген 4 тоннадан астам алкогольдік өнім жойылды

86

Тауарлар қоқыс полигонына жеткізіліп, ауыр техникамен толықтай жарамсыз етілді.  

Қонаев қаласында акцизделмеген 4 тоннадан астам алкогольдік өнім жойылды Фото: Қонаев қаласының әкімдігі

Қонаев қаласы әкімдігінің мемлекеттік активтер және сатып алу бөлімінің мамандары заңсыз сауда айналымына түскен тауарларды жойды, деп жазады inbusiness.kz сайты. 

Аталған тауарлар "Іле ауданаралық сот актілерін орындау жөніндегі аумақтық бөлімі" мемлекеттік сот орындаушылары тарапынан тәркіленіп, әрі қарай шара қолдану үшін әкімдікке жіберілген.

– Тізімге акцизделмеген 4 тоннадан астам алкогольдік өнімдер, Қытайда өндірілген бір тоннадан аса биологиялық белсенді қоспалар және акцизделмеген 80 қорап темекі өнімдері кірді, – делінген ақпаратта.

Мүлікті жою барысында барлық комиссия мүшелері – санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы, мемлекеттік кірістер басқармасы, кәсіпкерлік бөлімі өкілдері, сондай-ақ депутаттар мен қоғамдық ұйымдар қатысқан.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу