Қонаев қаласында кәріз-тазарту жүйесінің құрылысы басталды

109

Жобаға 30 миллиард теңгеден астам қаржы жұмсалады.    

Қонаев қаласында кәріз-тазарту жүйесінің құрылысы басталды Фото: Қонаев қаласының әкімдігі

Қонаевта талай жылдан бері шешімін таппаған күрделі мәселеге нүкте қойылады. Жағымсыз иіс шығарып, 100% тозығы жеткен кәріз-тазарту жүйесінің орнына басқасы салынады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты Қонаев қаласы әкімдігіне сілтеме жасап.

Ескірген нысан қаладан 3-4 шақырым жерде орналасқан. Ал жаңа кәріз-тазарту жүйесі Қонаевтан 15 шақырым жерде бой көтереді.

Нысанның құрылысы 20 ай ішінде аяқталады деп жоспарлануда. Оған 33 млрд теңгеден астам қаржы жұмсалмақ. 

Жаңа нысанның қуаттылығы тәулігіне 25 текше метрден астам суды сүзгіден өткізуге мүмкіндік береді. Кәріз-тазарту жүйесі 215 гектар аумақта салынады.

Қазіргі таңда жер жұмыстарын бастауға дайындық жүріп жатыр. Негізгі технологиялық жабдықтар, құбырлар және жинақтаушы тоғандарға арналған гидрооқшаулағыш материалдар сатып алынды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу