Қонаев қаласында кәріз жүйесі тозған

306

Жыл басынан бері оның 10 шақырым апатты бөлігі жөнделді.

Қонаев қаласында кәріз жүйесі тозған Фото: inbusiness.kz

Бұл туралы Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.  

"Облыс орталығы болғаннан бері бюджеті 2 есеге өсіп, 48 млрд теңге болды. Былтырдан бастап 20 шақырым жол жөнделіп, 37 шақырым электржелілері, 20 шақырым су желілері тартылды. Орталық саябақ пен көшелерді, көпқабатты үйлердің аулаларын қосқанда 65 нысан абаттандырылды. 1,7 га жағажай жайластырылды. 33 үйдің қасбеті мен шатырлары жөнделді. Жылу жүйелерінің апатты бөліктері қайта жаңғыртылды", - деді өңір әкімі. 

Марат Сұлтанғазиевтің айтуынша, қаланың кәріз жүйесі тозған. 

"Биыл 10 шақырым апатты бөлігі жөнделді. Мәселе мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясында толық шешілмек. Құны 20,5 млрд теңге болатын жоба әзірленіп, байқау жарияланған", - деп атап өтті ол.

Аймақ басшысының дерегінше, қала халқының саны 2050 жылға қарай 200 мың адам болады деп болжанып отыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу