Қонаев қаласында киім дүкені өртке оранды

390

Өрттің шығу себебі анықталып жатыр. 

Қонаев қаласында киім дүкені өртке оранды Фото: КазТАГ

Қонаев қаласында киім дүкенінен өрт шықты, деп жазады inbusiness.kz.

ТЖМ баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға 24 қаңтар күні болған. Қаладағы 4-шағын ауданында 102 шаршы метр аумақта киім дүкені өртенді.

Өрт бір сағаттан кейін жойылды. Оның шығу себебі анықталып жатыр.

Ақпаратқа сәйкес, қызыл жалынның үлкен аумаққа таралуына 101 қызметіне кеш хабарласу себеп болған.

"Өртті сөндіруге Төтенше жағдай департаментінің 16 қызметкері мен 6 бірлік техникасы, Полиция департаментінің 12 қызметкері және 4 бірлік техникасы, жедел медициналық жәрдем бригадасының 4 қызметкері және 1 бірлік техникасы жұмылдырылды", - делінген ТЖМ таратқан ақпаратта.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу