Қонаев қаласында прокурорлардың тұрғындардан қашып бара жатқан видеосы тарады

246

Формадағы прокурорлардың автотұрақ жаққа қашып, жүгіріп бара жатқаны видеоға жазылған.

Қонаев қаласында прокурорлардың тұрғындардан қашып бара жатқан видеосы тарады Фото: видеодан алынған кадр

Әлеуметтік желіде Алматы облысы Қонаев қаласында тұрғындардың жергілікті прокурорларды қуалап жүрген видеосы тарады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Бейнежазба авторының айтуынша, кеше жергілікті қоғам белсенділері прокуратура өкілдерімен кездесу барған. Олар тұрғындармен ашық әңгімелесудің орнына "қашып кеткен". 

Формадағы прокурорлардың автотұрақ жаққа қашып, жүгіріп бара жатқаны видеоға жазылған.

Бұл бейнеролик әлеуметтік желіде тез таралып кетті.

Алматы облысының прокуратурасында бұл жайтқа қатысты бар қатысушылар анықталғанын, қазір әдептілік және кез келген басқа да құқық бұзушылықтарға тексеру жүргізіліп жатқанын айтты.

"Тексеру нәтижелері бойынша прокурорлар мен өзге де адамдардың іс-әрекеттеріне құқықтық баға берілетін болады. Тұрғындардан мерзімінен бұрын шешім қабылдаудан бас тартуды және тексеру нәтижелерін күтуді сұраймыз", - делінген қадағалау органының хабарламасында.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу