Қонаев қаласында ыстық су белгісіз мерзімге дейін өшірілді, деп жазады inbusiness.kz.
"7 қыркүйектен бастап 2023-2024жж жылыту маусымының үзбей берілуі үшін қазандық жабдығының негізгі нысандарында, бекіту арматурасын ауыстыру жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін ыстық су беру тоқтатылады. Ыстық су қажетті іс-шаралар аяқталғаннан кейін бірден беріле бастайды. Автономды ыстық су көздеріне көшуге дайын болуларыңызды сұраймыз", - деп хабарлады ШЖҚ "Жылу Орталығы" МКК.
Бұдан бөлек мекеме қала тұрғындарынан жылыту маусымы басталғанға дейін жылу мен ыстық судың берешегін өтеуді сұрады.
"Берешектің жоғары пайызы бар үйлер жылытуға соңғы кезекте қосылады", - делінген хабарламада.