Қонаев қаласында заманауи мектептер бой көтермек

633

Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов Қонаев қаласының тұрғындарымен кездескен болатын. 

Қонаев қаласында заманауи мектептер бой көтермек Фото: gov.kz

Қонаев қаласында заманауи жаңа мектептер бой көтермек. Бұл туралы ҚР Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов хабарлады, деп жазады inbusiness.kz Алматы облыс әкімдігінің сайтына сілтеме жасап.

Министрдің айтуынша, Алматы облысында оқушы орнының тапшылығы мәселесі бар.

"300 балаға лайықталған мектепте 1500 бала оқып жатса қандай сапа болады? Бұл мәселе алдағы уақытта шешімін табатын болады",  деді Асхат Аймағамбетов.

Асхат Аймағамбетов өңірдегі үш ауысымды мектептер мәселесіне де тоқталды. Бұл мақсатта "Жайлы мектеп" жобасы аясында республикалық бюджет есебінен 50-ден астам жаңа мектеп салынбақ.

Бұдан бөлек Алматы облысы әкімінің орынбасары Нұржан Құдайбергенов биыл облыстың білім саласының бюджеті 274,7 млрд теңгені құрағанын атап өтті. Өңір басшысының айтуынша, алдағы үш жылда облыста Назарбаев зияткерлік мектебі, 2 лицей-интернат, жаңа үлгідегі ІТ-мектеп, "Маралсай" демалыс аймағында оқу-сауықтыру лагері ашылады.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу