Қонаев қаласындағы казинолар салықтан жалтарған

429

Алматы облысының прокуратурасы Қонаев қаласының аумағында орналасқан ойын мекемелерінің қызметіне тексеру жүргізді, деп хабарлайды inbusiness.kz.  

Қонаев қаласындағы казинолар салықтан жалтарған Фото: pxhere

Бұған дейін ойын мекемелерінің қызметін ешкім кешенді тексермеген. Тексеріс нәтижесіне сүйенсек, 2019 жылдан бергі көптеген бұзушылықтар анықталып отыр.

"Казино мен ойын мекемелері алдын-ала есептеулер бойынша миллиардтаған теңгеге салық төлеуден жалтарған. Қазіргі уақытта прокуратураның талабы бойынша салық қызметкерлері жоспардан тыс тексерулер жүргізіп жатыр. Олардың нәтижелері бойынша жалтарудың түпкілікті сомасы анықталатын болады.

Ойын автоматтарының барлық залдарында "Ойын бизнесі туралы" заңның 12-бабының 6-тармағында көзделген, яғни клиентке 95%-дан кем емес ұтыс пайызының сәйкессіздігі анықталды. Шын мәнінде, ойын автоматтарының жеке залдарында келушілердің ұтыс пайызы 25%, 30% және 51%-ды құрады, – делінген Алматы облысы прокуратурасының хабарламасында.

Ведомство аталған сәйкессіздік салдарынан ойын мекемелерінің үстеме кірісі 2,6 млрд теңгеден асқанын жеткізді. Бұл қаражат мекеме клиенттерінің ұтысын құрауы тиіс болған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу