Байқау шарттарына сәйкес, рәміз жобасын әзірлеуде ҚР Мемлекеттік Туы мен Елтаңбасын, сондай-ақ діни, рулық және тайпалық белгілерді қолдануға тыйым салынады, деп жазады inbusiness.kz сайты.
"Жобалар қоғамдық келісім мен бірлікті бейнелеуі, геральдикалық нормаларға, ұлттық дәстүрлерге, өңірдің тарихи, мәдени, табиғи және әлеуметтік-экономикалық ерекшеліктеріне сай болуы тиіс. Байқауға ұсынылған жұмыстар бұрын еш жерде жарияланбаған болуы қажет.
Эскиздер бейне, көлемді модель немесе айқын бедері бар макет түрінде ұсынылуы тиіс. Барлық атаулар мен жазбалар міндетті түрде қазақ тілінде берілуі қажет. Авторлық құқықты бұзу мен плагиатқа жол берілмейді", – делінген Алматы облысының әкімдігі таратқан хабарландыруда.
Байқауға Қазақстан азаматтары жеке немесе шығармашылық топпен қатыса алады. Ұлттық ою-өрнек пен этнографиялық элементтерді қолдануға рұқсат етіледі. Өтінімдер қазақ немесе орыс тілінде, жоба сипаттамасымен бірге қабылданады.
Құжаттар қағаз және электронды нұсқада Қонаев қаласының ішкі саясат бөліміне тапсырылуы тиіс (электронды пошта: ovp_qonaev@mail.ru).
Қосымша ақпарат алу үшін мына телефонға хабарласуға болады: 8 705 543 54 77.