Қонаевта дәрігерлер ер адамның саусағын аман алып қалды

295

28 жастағы ер адам қол жарақатымен медициналық мекеменің травматология, ортопедия және нейрохирургия бөліміне түсті. 

Қонаевта дәрігерлер ер адамның саусағын аман алып қалды Фото: Алматы қаласының әкімдігі

Травматолог-дәрігер Қожекенов Ғалым Құмарбекұлы оң қолдың 5 - ші саусағын қатты жарақаттап алған, алайда отаның қиындығына қарамастан, дәрігер науқастың саусақтарын құтқара алды.

Операция бір сағаттан астам уақытқа созылды. Ғалым Құмарбекұлының айтуынша, операциядан кейінгі кезең, саусақ функциясының 100% қалпына келуі үшін 2 аптадай уақыт керек.

"Қонаев қаласында бұрын жүргізілмеген бірегей операция жүргізу мүмкіндігі медициналық мекемеде травматология, ортопедия және нейрохирургия бөлімшесінің заманауи нейрохирургиялық операция жасауға мүмкіндігі бар толық жабдықтырылғаны мен дәрігерлердің жоғары кәсіптілігі арқасында ", – дейді аурухана директоры Айман Ғалымжанқызы Рақышева. Әрбір травматолог мұндай операцияны жасай алмайды. Мұнда арнайы дайындықтың жоғары деңгейі қажет.

Тиісті сақтау және салқындату болмаса, сегменттің немесе саусақтың сақталу уақыты шамамен 30% қысқаратынын есте ұстаған жөн.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу