Қонаевта екі казино миналанған

364

Алматы облысының полиция департаменті оларға Қонаев қаласында орналасқан екі казинода бомба салынғаны туралы хабарлама келіп түскенін растады. 

Қонаевта екі казино миналанған Фото: pixabay.com

Полиция бірден оқиға орнына жетіп, арнайы қызметкерлерді шақырды, деп жазады Inbusiness.kz әлеуметтік желідегі хабарламаларға сілтеме жасап.

"Аталған факті бойынша жедел-тергеу тобы дереу шығып, басқа да арнайы қызметтер хабарланды, келушілер арасынан 12 адам және 240 казино қызметкерлері эвакуацияланды. Саперлер тінту барысында жарылғыш құрылғылар мен механизмдер тапқан жоқ. Бұл факт ҚР ҚК 273-бабы ("Терроризм актісі туралы жалған хабарлама") бойынша қалалық полицияда тіркелді", - деді облыстық полиция бастығы Бауыржан Аленов.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полиция қызметкерлері 2007 жылы туған С. азаматын анықтады.

"Қазіргі уақытта оқиғаны объективті, толық және жан-жақты зерттеуге бағытталған барлық қажетті тергеу шаралары жүргізілуде", - деп толықтырды полковник Аленов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу