Қонаев қаласында қоғамдық көліктердің бірінде отырған жолаушылар арасында жанжал туып, салдарынан біреуі екіншісіне пышақ жарақатын салды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Оқиғаның видеосы әлеуметтік желіде тарады.
Алматы облыстық полиция басқармасының мәліметінше, шабуыл жасаған адам ұсталды.
"Жедел-іздестіру шарасы барысында Қонаев полиция басқармасының қызметкерлері облыс орталығының 36 жастағы тұрғынын ұстады. Күдікті қоғамдық көлікте 41 жастағы ер адамға пышақ сұғып алған. Адам өлтіруге оқталу дерегі бойынша қылмыстық іс тіркелді", - деп хабарлады Алматы облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Қазіргі уақытта оқиғаға қатысты тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.