Қонаев қаласында дауылдан кейін коммуналдық қызмет күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Қала әкімдігінің мәліметінше, Қонаевта 8 ақпаннан 9-ына қараған түні 27 м/сек жылдамдықпен жел соққан. Оның салдарынан инженерлік желілерде ақаулар болып, тұрғын үйлердің шатыры ұшқан және жеңіл конструкцияларға зақым келген.
– Түнде құлаған ағаштар мен жеңіл конструкциялардан тазарту жұмыстары жүргізілді. Сондай-ақ жарық өшкен бірқатар шағын ауданда қалпына келтіру жұмыстары жүріп жатыр, – деп хабарлады әкімдіктен.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу