Қонаевта қоқыс тастағандарға 1 млн теңгеден астам айыппұл салынды

239

Қонаев қаласында "Таза Қазақстан" акциясы аясындағы іс-шаралар жалғасуда. 

Қонаевта қоқыс тастағандарға 1 млн теңгеден астам айыппұл салынды Фото: әкімдік

Оның бірі – тазалық мәдениетін қалыптастыру. Ескертулер мен әкімдіктің ресми хабарламаларына қарамастан, қалада тазалық ережесін бұзушылар өте көп, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Мысалы, 22-28 наурыз аралығында Қонаев қалалық полиция бөлімі ҚР ӘҚБтК-нің 434-2-бабына (Ортақ пайдаланылатын орындарды ластау) сәйкес, 24 хаттама толтырып, 943 680 теңгеден астам сомаға айыппұл салды. 

Одан бөлек, ҚР ӘҚБтК-нің 505-бабына (Қалалар мен елдi мекендердiң аумақтарын абаттандыру қағидаларын бұзу, сондай-ақ қалалар мен елді мекендер инфрақұрылымы объектілерін бұзу, жасыл екпелерін жою және бүлдіру) сай, 67 хаттама толтырылып, 235 920 теңге айыппұл салынды. Барлық айыппұл сомасы 1 179 600 млн.тг. құрады.

Қала әкімдігі халыққа "Коммуналдық қалдықтарды басқару қағидаларын бекіту туралы" бұйрығына сәйкес, ірі көлемді қоқыстар мен құрылыс қалдықтарын шығаруға тұрғындар жауапты екенін жеткізді.

Жалпы жыл басынан сенбіліктерге 3000-нан астам адам қатысты. Бұл көрсеткішті ұлғайту мақсатындағы жұмыстар жалғасын табады. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу