Қонаевта Конституцияның 30 жылдығына орай Мемлекеттік Ту 55 метрлік тұғырға көтерілді

232

Қонаев қаласында Мемлекеттік Туды 55 метрлік тұғырға көтеру салтанаты өтті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Қонаевта Конституцияның 30 жылдығына орай Мемлекеттік Ту 55 метрлік тұғырға көтерілді Фото: Алматы облысының әкімдігі

Елдік пен Тәуелсіздіктің символына айналған бұл рәсім Қазақстан Конституциясының 30 жылдығына арналды.

Іс-шара Мемлекеттік Туды алып кіруден және Әнұранды орындаудан басталды. Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев құттықтау сөз сөйлеп, Конституцияның ел тұрақтылығы мен дамуының басты кепілі екенін атап өтті.

Өз сөзінде өңір басшысы:

"Ата Заңымыз – Тәуелсіз Қазақстанның даму бағдары мен тұрақтылығының кепілі. Соның арқасында халықтың әл-ауқаты артып, әлеуметтік қорғау жүйесі нығайды, азаматтардың құқықтық мәдениеті қалыптасты. Алматы облысы да тұрақты өсім көрсетіп келеді. Қонаев қаласының жаңа мәртебесі мен Алатау қаласының құрылуы – өңір дамуының айқын дәлелі", – деп атап өтті.

Мерекеге орай 28 тұрғын марапатталды. Олардың ішінде "Қазақстан Конституциясына 30 жыл" мерекелік медалі иегерлері, облыс әкімінің Құрмет грамотасы мен Алғыс хаттарына ие болған азаматтар бар.

Жалпы Алматы облысында Конституцияның 30 жылдығына арналған 180-нен астам іс-шара ұйымдастырылып, оған 30 мыңға жуық адам қатысты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу