Алматы облысының мыңдаған оқушысы жаңа оқу жылында мектепке жаңа автобустарға мініп барады. Оқушылардың қауіпсіздігі мен тасымалын қамтамасыз ету мақсатында облыс әкімдігі су жаңа 36 автобус сатып алды.
Облыс әкімі Марат Сұлтанғазиев көлік кілттерін бес ауданың білім бөлімі басшыларына табыстады. Талғар, Іле, Еңбекшіқазақ, Қарасай мен Жамбыл аудандарында оқушы тасымалы өзекті мәселе саналады.
Халық тығыз орналасқан аудандардағы 30 мыңнан астам оқушы мектепке тасымалмен барып оқиды.
"Ең бастысы, балаларымыздың амандығы. Балаларымыз аман-есен, заман талабына сай білім алып, мектептен үйіне, үйінен мектепке аман-есен оралуы. Біздің негізгі мақсатымыз осындай, негізгі жұмысымыз балалар аман болсын. Тек балалар игілігіне бүгінгі автобустар қызмет етеді деген сенімдеміз", деді Алматы облыстық білім басқармасының басшысы Салтанат Беспаева.