Қонаевта студент қызды асқан қатыгездікпен өлтіргендер сотталды

182

Сот үкімі заңды күшіне енді. 

Қонаевта студент қызды асқан қатыгездікпен өлтіргендер сотталды Фото: nemolchikz_official

Алматы облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында асқан қатыгездікпен кісі өлтірді деп айтыпталған екі азаматқа қатысты қылмыстық іс қаралды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты облыстық соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Осы жылдың 6 наурызында сотталушылар жәбірленушімен танысып, Алматы қаласындағы жалға алынған пәтерге орналастырған. Екінші күні қаражаттың бітуіне байланысты пәтер ақысын төлеу үшін, Қ. есімді азамат жәбірленушіні өзіне тиесілі "iPhone 13 Pro" маркалы смартфонды комиссиялық дүкенге тапсыруға көндірген. Түскен қаражатты жұмсағаннан кейін  жәбірленушіні банктер мен микроқаржы ұйымдарында жалпы сомасы 435 мың теңгеге ақшалай қарыздарды ресімдеуге үгіттейді. 12 наурызда олар комиссиялық дүкеннен смартфонды қайта сатып алып, оны 240 мың теңгеге сатқан, ал түскен қаражатты жеке мақсатта пайдаланған", - делінген мәліметте.

Ақпаратқа сәйкес, жәбірленушінің смартфонды қайтару туралы талаптарынан кейін сотталушылар қарызды өтемеу үшін одан құтылу жолдарын ойластыра бастайды.

"15 наурыз күні түнде сотталушылар үйіңе шығарып саламыз деп жәбірленушіні алдап, сағат 02:00 шамасында Қонаев-Қазақстан автожолының 36-шы шақырымына жеткенде, жолдан шығып, ашық учаскеге тоқтаған. Сотталушылар кезек-кезек жәбірленушіні сақамен ұрып, оны бензинмен өртемек болады. Жәбірленуші алған жарақаттар салдарынан оқиға орнында жан тапсырған", - деп хабарлады Алматы облыстық соты.

Сот үкімімен екі айыпталушы кінәлі деп танылып, әрқайсысына 17 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. ️Сот үкімі заңды күшіне енді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу