Алматы облысының әкімшілік орталығында "Таза Қазақстан" бағдарламасы аясында қоқыс үйінділерін заңсыз жерге тастаған, абаттандыру ережесін бұзған азаматтарды әкімшілік жауапкершілікке тарту қолға алынған, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
"Қала аумағында, табиғат аясында тазалық сақтау қажеттілігі жөнінде ақпараттық-түсіндірме жұмыстары жүріп жатқанымен, құқық бұзушылық саны азаймай тұр. Мәселен, 21-27 сәуір аралығында Ортақ пайдаланылатын орындарды ластау бабына сәйкес, 47 хаттама толтырылып, 1 млн 848 мың теңгеден астам айыппұл салынды. Одан бөлек ҚР ӘҚБтК-нің 505-бабына сай, 111 хаттама толтырылды. Оның ішінде 20 хаттамамен 1 млн 730 мың теңге айыппұл салынды. Барлық айыппұл сомасы 3 млн 578 мың теңгеге жетті", - деп хабарлады Қонаев әкімдігі.
Сонымен қатар, қала әкімдігі мен Полиция басқармасы тазалық ережелерін қатаң сақтауға шақырды.