ҚР Қарулы Күштерінің Десанттық-шабуылдау әскерлерінің мәліметінше, әскери қызметші оқиға болғаннан кейін бірден ауруханаға жеткізіліп, оған қажетті барлық медициналық көмек көрсетілуде. Қазіргі таңда оның жағдайын дәрігерлер жіті бақылауда ұстап отыр.
Ведомствоның хабарлауынша, алдын ала деректерге сәйкес, сарбаз бұған дейін әскери қызметтің жағдайына қатысты ешқандай шағым айтпаған. Сондай-ақ оқиға алдында ол әскери бөлімге арнайы келген ата-анасымен кездескен. Кездесу барысында олардың тарапынан да ешқандай өтініш немесе арыз түспеген.
Оқиғаға байланысты ҚР ІІМ Әскери-тергеу басқармасы қылмыстық іс қозғады. Қазіргі уақытта мән-жайды анықтау үшін қажетті тергеу амалдары жүргізілуде.
Сонымен қатар, Қорғаныс министрлігі қызметтік тексеріс бастап, арнайы комиссия құрғанын мәлімдеді. Іс ерекше бақылауға алынған.
"Ана жүрегі" Сарбаз аналары комитеті" республикалық қоғамдық бірлестігінің өкілдері ақпарат түскеннен кейін әскери бөлімге барып, кейіннен ауруханадағы әскери қызметшінің жағдайымен танысқан.
Комитет өкілдері тергеу толық аяқталғанға дейін оқиғаға қатысты асығыс қорытынды жасамауға шақырды.